Өңір диқандары 4,6 млн тонна астықты қамбаға құйды. Гектар берекелігі – 15 центнерді құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынЫң башысы Мейрам Меңдібаев.

 
Егін шығымдылығы әсіресе, Мамлют, Қызылжар, Аққайың, Айыртау, Жамбыл және Есіл аудандарында жоғары болған. Бүгіндері майлы дақылдар алқабында жұмыстар жүріп жатыр. Диқандар 61 пайызын жинап алды. Шығымдылық 7,6 центнерді құрады. Қазір диқандар келер жылғы егіс науқанына дайындық шараларын бастап кеткен. 
 
МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ және жер қатынастары БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 
- Егіннің сақталуын қамтамасыз ету үшін 6,6 млн тонна көлемінде астық сақтау сыйымдылығы бар. Бұл егіннің сапалы сақталуын қамтамасыз етеді. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына барлығы 1,2 млн.тонна астық түсті.  Онда 3-класты астықтың 81% - дан астамы. Азық-түлік корпорациясы 425 мың тонна көлемінде астықты форвардтық сатып алуға келісімшарт жасады. Азық-түлік корпорациясына тапсыру үшін астық элеваторларға тиеп артылуда.
5 қазанда Азық-түлік корпорациясына 72 мың тонна астық жеткізілді.