Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде өткен 9 айдың қортындысы шығарылды. Сондай-ақ қылмыстық іздестіру қызметінің құрылған күніне орай қызметтік жұмыстың нәтижесі бойынша үздік деп танылған 100-ден  астам полиция қызметкері мен ішкі істер органдарының ардагерлері марапатталды.
 
Басты назарда – жедел қызметтер. Криминалдық полиция, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармалары – бұл қызметтердің мамандары қылмыстарды ашумен, қылмыскерлер мен із-түссіз жоғалғандарды іздестірумен айналысады. Жедел қызметкерлер криминалдық оқиғаларға алғашқылардың бірі болып шығады.         

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
- Жедел уәкілдер қылмыспен күресте қашанда алғы шепте жүреді. Өмірлеріне қауіп төнсе де, қиын тапсырмаларды орындап, небір шытырман, ауыр қылмыстарды ашып жатады. Солтүстікқазақстандық полиция тарихында мұндай оқиғалар жетерлік. Жедел уәкілдердің күн сайынғы еңбегі қиын жағдайда қалған адамдарға әр қашан көмекке асығатын ержүрек әрі батыл кәсіби маманды қалыптастырды. Жедел қызметтердің барлық ардагерлеріне және жеке құрамына сарқылмас күш-жігер, мықты денсаулық, еңбектеріне табыс тілеймін.

Бірнеше офицер ведомство басшысының қолынан медаль, грамота, алғыс хаттар алды. Олардың ішінде мерзімінен бұрын «полиция подполковнигі» арнайы атағын алған Абзал Темірбаев та бар. 

АБЗАЛ ТЕМІРБАЕВ, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
- Жедел-қызметтік жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгенім үшін Ішкі істер министрінің бұйрығымен маған мерзімінен бұрын «полиция подполковнигі» арнайы атағы берілді. ІІО 2003 жылдан қызмет атқарамын. Бүгінгі күні СҚО ПД КПБ аға жедел уәкілі лауазымындамын. КПБ қызметіне қылмыстарды ашу, қылмыскерлерді іздеп табу, іздестіру жұмыстары кіреді.

Жиналыс ведомствоның мәдени орталығы әзірлеген концерттік бағдарламамен аяқталды.