Облыс орталығында 10 қазан - Қазақстан кәсіподақтар күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Бұл күн еліміздің мерекелік күндерінің тізбесіне 2019 жылы 10 қаңтарда енгізілген. Мереке қарсаңында Петропавлда кәсіподақ саласының ең білікті қызметкерлері марапатталды. Биыл төртінші рет аталып өтілген іс-шараға тілшілеріміз де барып қайтты.  Бейнематериалға назар аударайық.

Кәсіптік одақ жұмысшылардың құқығын қорғап, лайықты еңбекақы және әлеуметтік кепілдігіне жауап береді. Мереке олардың еңбек қатынастарын реттеудегі маңызды рөлін көрсетеді.

 ЕРІК НҰРАҚАЕВ, СҚО КӘСІПОДАҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгін біз бұл атаулы мерекені төртінші рет атап өтудеміз. Әр жолы үлкен іс-шаралар жаңа бағытқа дем қойылады. Біз бұл жұмысты тұп-тура  бір ай бұрын бастадық. Ресми сапармен біздің облысқа Федерация төрағасы Сатыбалды Дәулеталин келген болатын. Өте үлкен бағдарлама болды. Осында облыс басшылығымен және біздің әлеуметтік серіктестерімізбен кездесу өтті.

Облыс әкімдігнде өткен сол кездесуде өңірлік келісімді іске асыру, қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселелері талқыланған еді. Бүгін кәсіби мерекемен әріптестерін құттықтауға ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің мүшесі Абылай Әбішев келді. Ол 18 мың адам еңбек ететін Қазпошта кәсіподағының өкілі.

АБЫЛАЙ ӘБІШЕВ, «АҚПАРАТ, КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:
-
Елімізде ірі 3 республикалық кәсіподақ бірлестігі бар. Мен Пошта қызметкерлерінің салалық кәсіподағында қызмет етемін. Қазір біздің салада 18 000 ға жуық адам еңбек етеді. Олардың бәрі 100% Кәсіподақ құрамына кірген.    

Айтулы мереке кәсіподақ қозғалысын ынталандыруда маңызды рөл атқарады. Мереке аясында бүкіл ел бойынша түрлі семинарлар, дөңгелек үстелдер, қайырымдылық акциялары, спорттық турнирлер және еңбек ұжымдарында жастармен кездесулер өткізіледі. 

БЕРЕКЕ ШӨПЕНОВА, «ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОДАҒЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:
 
Салтанатты іс шара барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясы және орталық салалық кәсіподақтар төрағасының атынан әлеуметтік серіктестер мен  кәсіподақ белсенділерін марапаттады. 

Айта кетейік, Бүгінде құрамында 2 млнға жуық мүшесі бар кәсіподақ ұйымы, еліміздегі ең ірі қоғамдық топ болып табылады. Өңірдің кәсіподағында 1257 бастауыш ұйым бар. Оған 65 000 ға жуық адам мүше.