Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында халықаралық мұғалімдер күніне орай «Ең жылы сезімдер топтамасы» деген атаумен көрме өтті. Кітапханаға келушілердің назарына  ЮНЕСКО көркемсурет мектебінің педагогтары салған, әртүрлі жанрдағы 26 картина қойылды. 

 Атап айтқанда ұстаздар пейзаж, натюрморт, ұлттық стильдегі панельдер және киізден жасаған туындыларын көрермен назарына ұсынды. Картина авторлары өз еңбектерінде қоршаған әлем туралы көзқарастарын бейнелеп, өз халқының шығармашылығына, отбасына, туған өлкесіне, табиғаты мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігі туралы айтты. 

 НАТАЛЬЯ ЧУРЯК, С. МҰҚАНОВ атындағы ғылыми әмбебап ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
- «Бүгін суретші мұғалімдер өздерін жаңа қырларынан көрсетіп жатыр. Олар арнайы осы көрме үшін өздерінің күнделікті қолданып жүрген стильінен бөлек суреттер салды. Әр жанрдағы картиналар бар. Бұл көрме біздің жылдағы игі дәстүрімізге айналды. Көрмеге келушілер санынан бұл өнерді бағалайтын жандардың қарасы  қалың екенін байқадым.»