Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің және жастар ресурстық орталығының өкілдері шахматтан және тоғызқұмалақтан өзара мықтыны анықтады. Спорттық дода халықаралық қарттар күніне орайластырылған. Әріптесім Майгүл Сейілбектің  бейнематериалына назар аударайық.
 
Халықаралық қарттар күніне орайластырылған мұндай спорттық дода қазан айы басталғалы бері екінші рет ұйымдастырылды. Алғашында қала ардагерлері өз арасында шахматтан және тоғыз құмалақтан жарысты. Бұл жолы жастармен кездесіп, өзара мықтыны анықтамақ. 

ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  
-   Осы ай біздің ай ғой. Ай бойы көп шаралар өтеді. Қарттар жасармаймыз. Жылда жыл қосылып жатыр бізге. Жігіттер деймін 70-80-нен асқан ойнайды жастармен шахмат. Олармен ойнағанда бізде жасарамыз, көңіліміз жасарады.
 
Спорттық дода шахмат және тоғыз құмалақ сүйер 20 адамның басын қосты. Оның 10-ы - зейнеткер. Болат Қазанов ғұмырының 43 жылын туып, өскен Мағжан Жұмабаев ауданын көркейтіп, дамытуға арнаған. Ауданда түрлі лауазымда еңбек еткен ол 2019-шы жылы зейнетке шықты. Сол уақыттан бері бос уақытында шахмат және теннис ойнауды әдетке айналдырған. Ал, қазанның 1-і ардагерлер арасында өткен турнирде үздіктердің қатарынан көрініп, 3-ші орынды иеленді.
 
БОЛАТ ҚАЗАНОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:
-   Бос уақытқа, ой өріске адамның кәртаймауына осы шахмат жақсы деп ойлаймын. Осы клубқа жиі келіп тұрамын. Тіпті кішкентай немеремді де шахмат ойнауға үйретемін.  Студент кезімде ойнай батсағам, алайда жұмыс бабымен кейін аздап қалып қойып еді. Жақсы ойын ғой.Жастармен ойнайын деп жатырмыз. Өзімнің дайындығым жаман емес сияқты.
 
 Жалпы, бүгінгі күні облыс орталығында тұратын ардагерлердің саны 47 мыңға дейін жетсе соның 23 мыңы ардагерлер кеңесіне мүше. Іс-шара соңында жеңімпаздар алғыс хаттармен және медальдармен марапатталды.
 
Майгүл Сейілбек