Темір жол тұйықтарында көмір үнемі болуы тиіс. Яғни, тұрғындардың қара отынды қыс айларында да алуына жағдай жасау қажет. Осындай тапсырманы жауапты мамандарға  облыс әкімі Құмар Ақсақалов жүктеді. Бүгіндері өңірге күніне 1 мың тонна жуық көмір жеткізіледі екен. Тұрғындар қысқа қамданып үлгерді ме? Сұрақ жауабын әріптесім Мағжан Ахмадина анықтап қайтты.

 «Қыстың қамын жаз ойла» деген қағиданы ұстанатын Александра Пожарская жылда көмірді жаз айларында алып қояды. 71 жастағы зейнеткерге 4 бөлмелі баспанасын жылыту үшін 4 тонна қара отын жеткілікті. 

АЛЕКСАНДРА ПОЖАРСКАЯ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
-
Көмірді ылғи ерте аламыз. Жақсысын таңдаймыз. Қаражыра мен Шұбаркөл ұнайды. Тез қызады. Үйіміз үлкен болса да, лезде жылытады. Жылда 4 тонна аламыз. Егер жетпей бара жатса тағы ала қоямыз. Мәселе туындаған емес.

 Қыстан қысылмай шығу үшін петропавлдықтардың басым бөлігі қара отынды ерте бастан қамдап қояды. Оған Ойқала ауданы тұрғындарымен кездесу барысында көз жеткіздік. 

- Отынды да, көмірді де ерте алуға тырсамын. Өйткені, кейін жетпей қала ма деп қорқамыз. Сондықтан дәл маусым басталып, жұрт тұйықтарға қарай ағылғанда, мен сақадай сай отырамын.  

-  Өткен жылғыдан 1,5 тонна көмір қалды. Биыл әлі алған жоқпын. Отын мен екеуін қосып жағатындықтан маған аса көп керек емес. Бірақ жетпей жатса, қыста тағы 2 тоннадай түсіріп аламын.

 Жалпы бүгіндері өңірге күніне 1000 тоннаға жуық көмір жеткізіледі екен. Сондықтан қазір тұйықтарда  қара отынрның қоры жеткілікті. 

 ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ,  СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
-
Тұрғындарды отынмен қамту мәселесі әркез біздің назарымызда. Бүгіндері тұрғындардың 59 пайызы қажетті көмірді түсіріп алды. Қазір көмір қоры жеткілікті. Десе де, ол енді өңірге көмір әкелудің қажеті жоқ деген сөз емес. Тұйықтарда көмір үнемі болуы тиіс. Өйткені, тұрғындар жетпей қалған көмірді қыста да алуы мүмкін. Сондықтан осыны ескеріңіздер. Жағдайды бақылап отыруды осы салаға жауапты орынбасарыма тапсырамын.