Қазан айында күн құбылмалы болмақ. Синоптик мамандардың айтуынша, күндіз жылы болғанымен, түнде ауа температурасы минус 18 градусқа дейін төмендемек. Соынмен қатар, кей жерлерде жауын-шашын мөлшері де көп болмақ. Тілшіміз Айнұр Досан әзірлеген бейнематериалға назар аударайық. 

 АЙНҰР ДОСАН, ТІЛШІ:

 қазан айында нағыз күз келгенін сезетін боламыз. Жауын-шашын да көбейіп, ауа температурасы минусты көрсететін болады.  Оған қоса екпінді жел болады деп болжанып отыр. 

 ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Мамандардың хабарлауынша айдың соңында қар жаууы ықтимал. Оның соңы көктайғаққа ұласпақ.