Жыл соңына дейін жол ережелерін  бұзғандарды  тіркейтін 28 құрылғы мен 30 бақылау камерасы іске қосылады.  Бүгінде облыс орталығы – Петропавл қаласында жолдағы құқық бұзушылықтарды тіркейтін 7 автоматты жүйе жұмыс істейді. Бұл «Интегра» жүйесіндегі интеллектуалды көше қиылыстары және «Мираж» біріктірілген жүйелері. Камералар көлік қозғалысы көп қиылыстарда орнатылған.   облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі дайындаған бейнематериалға назар аударайық.
 
Жыл басынан облыс жолдарында 221 жол-көлік оқиғасы тіркелген, салдарынан 35 адам қаза тауып, 321 адам жарақат алды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тиімді шаралардың бірі, ереже  бұзу фактілерін автоматты түрде фото және бейне тіркеуді пайдалану болып табылады. Бүгінде Петропавл қаласында жолдағы құқық бұзушылықтарды тіркеудің 7 автоматты жүйесі жұмыс істейді. Бұл «Интегра» жүйесіндегі интеллектуалды көше қиылыстары және «Мираж» біріктірілген жүйелері. Камералар көлік қозғалысы көп қиылыстарда орнатылған. 9 айда автоматты бақылау-өлшеу құралдарымен жол жүрісі қағидаларын бұзудың 5679 түрлі дерегі тіркелді.

МӘНСИЯ ҚОСШЫҒҰЛОВА, СҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:
- Жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларды төмендету, сондай-ақ Жол жүрісі ережелерін бұзуын алдын алу мақсатында, біздің облыс аумағында және көше-жол желісінде 2021 жылғы 1 тамызда «Қауіпсіз қала» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің қолдауымен, «Бұлтты қызмет» қызметтерін сатып алуға шарт жасағанын, бұл 30 бірлік көше бейнебақылауы камераларын, сондай-ақ 28 аппараттық-бағдарламалық кешенді жалға алуды білдіретінін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта мердігер жүйелерді монтаждау және іске қосу бойынша жұмыстарды жүргізуде.

 Құрылғылар жылдамдық режимінің бұзылуын, тоқтау сызығын кесіп өтуді, бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтуді тіркейді, сондай-ақ көлік ағынындағы мемлекеттік нөмірлік белгілерді автоматты түрде танитын болады. Бүгінгі күні осы жүйелерді монтаждау, баптау және тестілеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңа аппараттық-бағдарламалық кешендердің іске қосылуы туралы облыс тұрғындары мен қонақтары алдын ала құлағдар етілмек. Сонымен бірге, әкімшілік полицейлер басқарманың Facebook және Instagram желілеріндегі ресми парақшаларындағы ақпаратты қарап отыруға кеңес береді. Парақшалардың ленталарында әкімшілік полиция жұмысының желісі бойынша өзекті ақпарат үнемі жарияланып тұрады; бұдан бөлек, онда жаңа аппараттық-бағдарламалық кешендердің орналасқан орындары да көрсетіледі.