Петропавлдағы Кәрім Сүтішев, 47 мекен-жайындағы үй подъездерінің бірінен иелеріне жетпеген хат-хабарлар табылды. 8 наурыз, 1 мамыр мерекелік даталарға арналған құттықтаулар осыдан шамамен 40 жыл бұрын жазылған екен.  Мұнымен қоса,  1976 жылы шыққан «Правда» газетінің екі данасы да бар.

Үй тұрғыны Виктор Герасимов құжаттардың табылғаны туралы әлеуметтік желіде жазған. Жерлесіміз хаттарды иелеріне немесе олардың туыстарына жеткізу үшін қолынан келгеннің бәрін жасауда. Оған шаһар тұрғындары да көмектесіп жатыр. 

ВИКТОР ГЕРАСИМОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- Подьезде жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Пошта жәшіктерін алып тастамақ болдық. Сол кезде артынан хаттар мен газеттер шықты. 3 хат пен 6 құттықтау хаты  болды. Табылған хаттарды иелеріне таратуға тырысып жатырмын.

Майгүл Сейілбек