Петропавлдың шетінде орналасқан Теплые кусты көшесіне жарық берілді. Бұл жерде қазіргі уақытта 11 отбасы тұрады.  Барлығы да темір жол қызметкерлері. Кеңес Үкіметі кезінде мамандарға осы жерден үй беріліп, жағдай жасалған. Алайда, көшеге тек 59 жылдан кейін ғана жарық тартылды.    
 
Раиса Андреевна темір жол саласына ғұмырының жартысын арнаған. 1963-ші жылы Оңтүстік Орал темір жолының филиалы қала шетінде материалдық-техникалық жабдықтау бөлімшесінің құрылысын қолға алады. Дәл осы жерден мамандарына арнап «Теплые кусты» деп аталып кеткен шағын ауданын да құра бастайды. Үйлер салып, қызметкерлеріне жұмыс істеу үшін бар жағдай жасайды.Тек көшелерді жарықтанждыру мәселесі шешілмей қалған екен.  
 
РАИСА КАЗАРЕЗОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
-  Кеңес Одағы ыдырай бастаған кезде ұрлық көбейді. Оның үстіне үйлеріміз орманның маңында орналасқан. Көлікті, тіпті бау-бақшамызда өсіп тұрған жеміс-жидек пен көкөністерге дейін ұрлайтын. Бұдан бөлек қыста  кешке тастай қараңғы болғандықтан жүру тіпті мүмкін болмайтын. 
-          
 021 жылдың қазан айында тұрғындар қалалық әкімдікке көшеге жарық тарту мәселесімен өтініш жазған. Ал, осы жылдың маусым-шілде айларында энергия үнемдейтін жарық диодты шамдарды орнату бойынша құрылыс жұмыстары қолға алынды.
 
РАИСА КАЗАРЕЗОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
-  Жұмыс сапалы  орындалды. Қалалық әкімдікке дән ризамыз. Қыркүйекте жарық берілді. Енді кешке далаға қиналмай шыға аламыз. 
 
 Жалпы, бүгінгі күні шағын ауданда 11 отбасы түтін түтетіп отыр. Қалалық әкімдік мамандарының сөзінше көшені жарықтандыру мәселесімен ұжымдық немесе жеке түрде өтініш білдіруге болады.
 
ӘСЕМ АЙТУЛОВА,  ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
-   Бізде қала бойынша көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстар өткізіліп жатыр. Бүгінгі таңда биылғы жылы 30 мекенжай бойынша 95 жапрық шам орнатылды. Олардың барлығы электрдиодты. Яғни энергияны үнемдейді. Жарық шамдар орнату үшін қалалық әкімдіктің 128-ші кабинетіне келіп өтініш жазуға болады.
 
Жалпы, Теплые кусты шағын ауданында 11 жарық шам орнатылды. Бұдан бөлек тұрғындар қыс мезгілінде көшелерді қардан тазартуға да өтініш білдіріпті. Қалалық әкімдік бұл жұмыс та назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
 
Майгүл Сейілбек