Жыл басынан өңірде 522 өрт тіркелген.  Өкінішке қарай, оқиға орнында 33 адам көз жұмды. 15 азамат түрлі деңгейдегі жарақат алды. Оның 4-еуі бала. Мамандардың айтуынша өрт  көп жағдайда жеке секторда шығады. Оның басты себебі - қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау. 

Құтқарушылар жылдағы дәстүрге сай жылыту маусымының алдында тұрғындармен кездесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізген. 83 мыңнан астам ауланы аралап шыққан. Осы жылдың маусым айынан бастап халықтың әлеуметтік осал топтары және көп балалы отбасылар тұратын мыңға жуық жер үйге газ және түтін датчиктері орнатылған. Алдағы уақытта тағы 435-і қойылады. Жалпы жаңа жылыту маусымы басталғалы 35 өрт тіркелді. Материалдық шығын – 10 миллион теңгеден асқан. 

 ВЛАДИМИР ХУТИНАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТЖ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
-
«Жеке сектор тұрғындары жылыту құралдарына жауапкершілікпен қараңыздар. Қазір күн жылы. Уақыт бар. Сондықтан үйдегі пештеріңізді тексеріп шығыңызыдар. Қандай да бір ақау табылса, бірден жөндеу қажет.  Бұл - өздеріңіз үшін керек. Сондай-ақ, пеш жаққан кезде бензин, дизель отынын пайдалануға болмайды. Мұржаларды да жиі тазалап тұрған абзал.»