Ресей Федерациясында ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейін  көршілес елдің барлық шекаралас облыстарынан Қазақстанға ресейліктер жаппай келе бастады. Көшіп келушілер арасында біздің өңірімізге де тоқтағандар бар.

Ресейде жұмылдыру жарияланғалы бері әскерге барудан қашқандардың  қарасы күрт көбейген. Бүгінде оларды Облыс орталығында қонақ үйлер, ХҚКО және вокзал маңынан көптеп кездестіруге болады. Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, көрші ел азаматтарының біздің өңірге жаппай келуіне байланысты қалада жалдамалы тұрғын үй табу мүмкін емес. Тұрғын үйді бейресми түрде жалға берушілер арасында пәтер ақысын бір айға бірнеше жүз мыңға адейін жоғарлатқан.  

 НҰРЖАН САДЫҚОВ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 Дегенмен  арамызда жағдайға түсіністік танытқан жандар да болды. Мысалы, Оралда тұрғын үй таба алмағандар үшін кинотеатр басшысы оларға кинозалға түнеуге рұқсат берген. Біздің облыс орталығында да пәтер жалдайтын кейбір агенттік ұйымдар, көрші ел азаматтарына уақытша тегін түнеуге рұқсат берген. Сондай-ақ, әкімдік қызметкерлердің БАҚ өкілдерімен өткен кездесуінде кейбір қауесеттерге байланысты нүкте қойылды. 

НҰРЖАН ТАҒАНИЯЗОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ:

 Ресейден келген азаматтарды қолдау үшін бүгін кешке "Жүрек жылуы" акциясы өтті. Еріктілердің фронт-офисі қызметкерлерінің бастамасы бойынша пәтер таба алмай, вокзалда қалуға мәжбүр болғандарға бауырсақ, ыстық шай және түрлі тәттілер таратылды.