Облыс орталығында жаңа жанжалдың оты тұтанды. Петропавлға кіре берістегі орман шаруашылығы аймағындағы қайыңдарға балта тиді.  Ашуға булыққан қала тұрғындары бұл туралы наразылық білдіруде. Ағаштарды кім кесіп, оларды жоюға рұқсатты кім берді және тоғайдың орнында не болады?  Аталған сауалдардың жауабын білу үшін біздің арнаның түсірілім тобы оқиға орнына барып қайтты.

Ашуға булыққан қала тұрғындары кәсіпкерді жерден алып жерге салуда. Себебі олардың айтуларынша өзге ел азаматы ағаштарды кесуі арқылы заң бұзушылыққа жол беріп отыр. Мәселені бей жай қалдырмай осы бастамашыл петропавлдықтар арыз жазып, полиция шақырған.

Бірден айта кететін жайт, кәсіпкердің қолында мөр басылған құқық белгілейтін құжаттардың барлығы бар. Атап айтқанда 2007 жылы учаскені сатып алу-сату шарты, орман қорының жекелеген учаскелерін елді мекендердің жерлеріне ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің Қаулысы. Сонымен қатар барлық деңгейдегі шенеуніктердің рұқсат беру құжаттары бар.

ФАМИЛ АБДУЛЛАЕВ,  КӘСІПКЕР:
- « 2007 жылы  Жер сатып алынды. Жер Үкіметтің келісімімен қалаға берілді ал орман қалды. Әкімдік оны алып тастауы керек еді. Ақыры төлеуге мәжбүр болдым. Барлық чектер мен құжаттар бар. Қажет болса көрсетемін. Жақында ғана облыс әкіміне автосалон салғым келетінін жаздым. Атамекен палатасына ағаштардың маған кедергі жасап тұрғанын, сондықтан алып тастауын өтіндім. Ақыры олар маған ағаштарды кесуге келісім берді.»

Айтпақшы, үкіметтің қаулысы бар тақтайша болашақ құрылыстың презентациялық постерінің жанында жарқырайды. Дәл осы жерде Ниссан компаниясының үлкен автосупермаркеті болады деп жоспарлануда. Аталмыш нысанның облыс орталығы үшін үлкен қажеттілігі бар сияқты.

Асқар ХАБИБУЛИН, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

Осы жолы ағаш кесу дерегі  бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу ісі немен аяқталатыны әзірше бізге беймәлім.