Петропавл қаласындағы «Қызылжар» облыстық орталық мешітінде діни қызметкерлер аттасттаттаудан өтті. 3 жылда бір рет орын алатын шараға биыл 80 нен астам дін өкілі келген. Олардың ішінде молдалар, ұстаздар мен имамдар бар. Тілшіміз дайындаған материалға назар аударайық. 

 Аттестаттау тест және ауызша сұрақ-жауап бөлімдерінен тұрады. Тест бөлімінде ақида, фиқһ, Ислам тарихы және Қазақстан Республикасының заңнамасы бағыттары, ауызша сұрақ-жауап бөлімінде қирағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр, КМДБ-ның тұжырымдамалық құжаттары бағыттары қамтылды. 

 ХАМЗАТ ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ, «ҚЫЗЫЛЖАР» ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:   
-
Осы облыс бойынша аттестатция жұмыстары басталып кетті. Бұл бүкіл қала, аудан, ауыл молдаларын толық тексерістен өткізетін боламыз. Яғни біздерде қазір 3 санатқа бөлінген. Аудан, қала, ауыл молдаларының деңгейіне сәйкес сәйкес сұрақтары бөлек-бөлек сұралатын болады. Мақсаты – осы имамдарымыздың білімін шыңдау,имамдарымыздың білім деңгейі сол сұрақтарға, талаптарға сәйкес болмаған жағдайда жұмыстан шығару, біліктілігін жетілдіру курстары, оқыту сияқты семинарларды өткізуді қолға аламыз.
 
Сараптамадан өтушілерге қойылған басты талап тестілеуден өту барысында әр пәннен 8 ден жоғары балл жинау. Егер екі рет 8 алсаңыз, келесі ауызша сұрақ-жауап бөлімінен шектетілесіз. 

 БЕРІКБОЛ ЖАНАҚОВ, ҚМДБ РИДБ КАДР БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
-
Бірінші этапты компьютер арқылы электронды тесттен өтеді, онда 4 бағыт бойынша сұрақтар қойылған. Одан кейін ауызша сұрақ алу басталады. Ол жерде комиссия мүшелері  тереңдетілген, күрделенген сұрақтар қояды. Білім деңгейін тексереді. Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – имамдарымыздың білімдерін жетілдіру, тексеру олардың қабілеттерін жан-жақты жетілдіру болып табылады.
 
Республикалық аттестатциялау шарасы осыған дейін Елордамыз Астанада бастау алған. Кейін Ақмола облысының дін қызметкерлері сараптамадан өтті. Бұдан әрі бұл шара еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасын табады.